Беларусь президенті Александр Лукашенко жексенбі күні Ватиканға ресми сапарын бастайды. Бұл беларусь «батькасының» соңғы 14 жыл ішіндегі Батыс Еуропаға тұңғыш сапары.
Дүйсенбі күні А.Лукашенконы Рим Папасы 16-Бенедикт қабылдайды.
Бақылаушылардың жорамалы бойынша, беларусь президенті Рим-католик және орыстың православие шіркеулерінің арасындағы көптен бері сөз болып келе жатқан кездесуін ұйымдастыруға ұйытқы болуы да мүмкін.