Accessibility links

Ғ. Мүсірепов оқулары өтеді


Ертең Алматыдағы Қарасай батыр мен М. Төлебаев көшелерінің қиылысында орналасқан жазушы Ғ.Мүсіреповтің мұражай- кешенінде «Ғ. Мүсіреповтің зұлмат жылдарында бастан кешкендері» атты тақырыпта дәстүрлі «Ғ. Мүсірепов оқулары» өтеді.

«Ғ. Мүсірепов оқуларының» ұйымдастырушылары Алматы қалалық Тілдерді басқару басқармасы, С.Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби- мемориалдық мұражай- кешені. Шара аясында Ғ. Мүсіреповтің зұлмат жылдарда бастан кешкендерін баяндайтын «дөңгелек үстел» өтіп, оған әдебиетші - ғалымдар, жазушылар және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысады.

С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби- мемориалдық мұражай- кешенінде 22 сәуірден бері аталмыш шараға орайластырылып ашық есік күндері өткізілуде.
XS
SM
MD
LG