Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда облыстық ІІД төрағасының орынбасары ұсталды


ОҚО экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметі хабарлағандай, Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД төрағасының орынбасары, полиция полковнигі А.Максаков пара берді деген күдікпен ұсталған.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, А.Максаковқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 312 бабының 4 тармағының «б» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қаржы полициясына шағымданған ҚР Қаржы министрлігі қаржылық бақылау комитетінің сарапшысы ОҚО ІІД-нің қаржылық-шаруашылық қызметіне жоспарлы тексеру жүргізу барысында А.Максаковтың өзіне 5 мың АҚШ долларын ұсынып, тексеру актісінде ОҚО ІІД-нің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі заң бұзушылықтарды көрсетпеуді сұрағанын хабарлаған. Соттың қаулысымен ұстаған А. Максаков қазір қамауда отыр.

XS
SM
MD
LG