ЕуроОдақтың Косоводағы полиция жасағының бір керуеніне Косовска Митровица қаласында, бейсенбіде шабуыл жасалды. Лақтырылған өрт қойғыш бомбалар мен тастардан ешкім жараланбаған. Көліктің біріне аздаған зақым келген екен. Дүйсенбі, сәрсенбі күндері Косово сербтері 1999 жылғы соғыста қирап қалған үйлеріне этникалық албандарды қайта кіргізбеу туралы ұран көтерген болатын. ЕуроОдақ полициясы осы шеруді таратуға және этникалық қақтығыстарға жол бермеуге тырысқан еді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV