Accessibility links

Албанияда оппозициялық депутатты атып кетті


Албания полициясының хабарлауынша, елдегі басты оппозициялық партияның депутатын біреулер атып өлтірді. Ресмилердің айтуынша, заңшығарушы Фатмир Джиндиді ел астанасынан 100 шақырым жердегі Росковец қаласындағы өз үйінің жанында атып кеткен.
Полицияның талабына сәйкес, ресмилер аты-жөнін атамай отыр. Олардың айтуынша, Джиндиді сенбі күні кешкісін калашников автоматымен атып, сосын көлігінің ішіне тастап кеткен.
XS
SM
MD
LG