Accessibility links

Мирек Тополанек: Чехияны Ресейдің ықпалынан құтқару керек


Чехияның премьер-министрі Мирек Тополанек Праганы Мәскеудің ықпалынан Лиссабон келісімі ғана құтқара алатынына сенімді, — деп хабарлайды «РосБизнесКонсалтинг» агенттігі.

Теледебат кезінде ол Чехияны қайтадан бақылауға алғысы келетін Ресейдің қысымынан сақтану керектігін мәлімдеп, қазіргі уақытта Украина, Молдавия мен Грузияда болып жатқан оқиғаларға назар аударуға шақырды.

Сонымен бірге Лиссабон келісімінің күшіне ие болу тек Чехияның өзіне ғана байланысты деп атап өтті Франс-Пресс. Чехия Еуродаққа мүше 27 елдің ішіндегі құжат қабылдамаған соңғы мемлекет болып отыр. Бұл келісімді ратификациялау мәселесін Мирек Тополанек үкіметіне парламенттің сенімісіздік білдіруі қиындатып отыр.
XS
SM
MD
LG