Accessibility links

Рахат Әлиевтің әкесі Венадағы Қазақстан елшілігінде отыр


Бүгін Азаттық радиосына берген сұхбатында Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев әкесінің Венада кеше, дүйсенбі күні, жоғалып кеткенін айтты...


Біраз уақыттан кейін Р.Әлиевтің адвокаттары жергілікті полициядан Мұхтар Әлиевтің Австрия астанасындағы Қазақстан елшілігінің аумағында отырғанын анықтаған.


Р.Әлиев әкесінің елшілікке өз ықтиярымен бара қойғанын түсінбейтінін айтады. Әлиев әкесінің қатты науқас екенін: оның миына қан құйылғанын, жүрегі нашар екендігін, сондықтан да Венада ол кәсіби дәрігерлердің тұрақты қарауында болғанын атап көрсетеді.

Р.Әлиев әкесінің денсаулық жағдайына алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның қауіпсіздік қызметі әкесін баласына қарсы қоюы мүмкін деп мәлімдейді.

Бұл аралықта ҚазТАГ агенттігі Рахат Әлиевтің әкесі Мұхтар Әлиев Венадағы Қазақстан елшісі Ержан Қазыхановпен кездесуге ықпал етулерін сұрап, Австриядағы елшіліктің консулдық бөліміне қайрылды деген ақпарат таратты.

«Ол консулдық бөлімге 4 мамыр күні келді. Елшімен әңгімелесу барысында Мұхтар Әлиев Астрияға жүрегіне операция жасатып, дәрігерлік тексеруден өтуге келгендігін айтқан. Әлиевтің мәлімдеуінше, оны ұлы - Рахат 2008 жылдың қазан айынан бастап, әкесінің елге қайтуына түрлі кедергілер жасап келген. Оның барлық құжаттарын: паспорт, кредит картасы, ұялы телефоны, ақшасын және жеке заттарын(чемодан, екі жол сөмкесі) алып қойған,- деп мәлімдеген Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаров бүгін Астанадағы брифингте.

Баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, Мұхтар Әлиев 4-ші мамыр күні таңғы сағат 4-те тұрған үйінің күзетшілерінен жасырынып, қоршаудан секіріп шығып, елшілікке келген.

XS
SM
MD
LG