Венадан алынған ең соңғы хабарларға қарағанда, қазір Рахат Әлиевтің әкесі Мұхтар Әлиев Қазақстан елшілігінен шыққан соң, қызымен бірге Австрия астанасындағы қонақ үйлердің біріне орналасқан. Мұхтар Әлиев туыстарына қазақ елшілігінде бір тәуліктен аса болған кезінде өзімен Австриядағы Қазақстан елшісі әңгімелескенін айтқан.
Рахат Әлиевтің сөзіне қарағанда, елші Ержан Қазыханов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан қалайда Мұхтар Әлиевті Қазақстанға алып келуді ұйымдастыру жөнінде тапсырма алғанын айтқан көрінеді. Ол үшін Вена әуежайында арнайы ұшақ та әзірленіп қойылған. Назарбаев елші арқылы Мұхтар Әлиевке егер Рахат Әлиев әшкерелеу кітабын басып шығарса, жақсы болмайтынын да ескерткен деп мәлімделіп отыр.
Сейсенбіде Қазақстан СІМ Мұхтар Әлиев Венадағы елшілікке 4 мамыр күні өзі келді деп хабарлаған еді. Дегенмен де 5 мамырда, кешке қарай ол елшіліктен шығып кеткен.