Accessibility links

ҚР Сыртқы істер министрі Германияға барады


Ертең ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Германия федеративтік республикасына жұмыс сапары басталады.

Сапар аясында министр Германияның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесіп, ғаламдық және аймақтық даму мен қауіпсіздік мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ аталған сапар барысында Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты стратегиясының жүзеге асырылуы және Қазақстанның Еуроодақ пен ЕҚЫҰ-мен бірлесіп әрекет ету мүмкіндіктері сөз болады.

AzattyqTV

Қырғыз суретшісі

Лаймен салынған портрет

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG