Accessibility links

Биржадағы теңге бағамы 150,61 теңгені құрады


6 мамыр, сәрсенбі күнгі мәлімет бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы сейсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,05 теңгеге арзандап, бір долларға шаққанда 150,61 теңгені құрады.

Бүгін АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 18,900 млн долларды құрады. Ал сейсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 39,610 млн долларды құраған болатын.

XS
SM
MD
LG