Accessibility links

Ресей НАТО-ға жауап ретінде Канада дипломаттарын шығарды


Ресей жақында НАТО-ның Брюссельдегі бас пәтерінен екі ресейлік елшіні кетіргеніне жауап ретінде екі канадалық дипломатты елден шығарып отыр.
Ресей сыртқы істер министрлігі НАТО-ның мұндай әрекетінен кейін, осындай қадамға баруға мәжбүр болғанын айтуда
Канада елшілігінің өкілі Оттава кері салдарын тигізген Ресейдің бұл шешіміне өкініш білдірді деді.
НАТО өткен аптада Ресейге құпия мәліметтер тасыды деп абақтыға жабылған Эстония тыңшысына байланысты екі ресейлік дипломатты НАТО-ның баспәтерінен шығарып жіберген. Ресей оған жауап қайтаратынын ескерткен.
XS
SM
MD
LG