Accessibility links

Мұхтар Әлиев Астанаға ұшып бармады


Бүгін Венадан таңғы сағат 5:40-та келген ұшақтағы жолаушылар арасында белгілі хирург, академик Мұхтар Әлиев болмады деп хабарлаған ҚазТАГ агенттігі бұл рейсті күтіп алған астаналық “Эра” телеканалының журналистеріне сілтеме жасап отыр.
Мұхтар Әлиев осы рейспен келеді деп хабарланғанымен, оның аты-жөні жолаушылар тізімінде болмаған. Оның Астанаға жеке ұшақпен келуі де мүмкін.
Кеше ресми Астана Мұхтар Әлиев өзін елге қайтаруын өтініп, Австриядағы Қазақстан елшілігіне қайрылды деп мәлімдеген. Бірақ көп ұзамай академик Әлиев елшіліктен кетіп қалған.
XS
SM
MD
LG