Accessibility links

Өзбек балаларына 400 түп мақта көшетін отырғызу міндеттелген


Өзбек билігі мектеп оқушыларына мақта алқабында 400 түптен мақта көшетін отырғызуға нұсқау берген. Бұл туралы хабарлап отырған Азаттық радиосындағы өзбек редакциясының айтуынша, Өзбекстанның әр аймағындағы оқушыларға мақта көшетін отырғызу үйжұмысы ретінде тапсырылған.
Ресмилер бұл жаңа тәсіл мақта егушілерге көп көмек болады деп біледі. Өзбекстандық мектеп оқушылары бұл кезде оқудан тыс егістіктегі жұмыстарға тартылады. Балалар еңбегін қанауға қарсы айтылған халықаралық сындарға өзбек билігі назар аудармаған соң, балалар құқын қорғаушылар әлемдегі елдерді өзбек мақтасына бойкот жариялауға шақырған.
Өзбекстан мақта экспорты бойынша әлемдегі екінші ел.
XS
SM
MD
LG