Accessibility links

«ЛУКОЙЛ» Каспийге инвестиция беруді жоспарлауда


Ресейлік «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясы 2009-2013 жылдар аралығында Каспийдегі экологиялық қауіпсіздік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 120 миллион рубль инвестиция беруді жоспарлап отыр, — деп хабарлайды РИА Новости.

«2004-2008 жылдар аралығында Солтүстік Каспийдегі экологиялық қауіпсіздік бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жүргізуге 40 миллион рубльден астам қаржы жұмсалды. «ЛУКОЙЛ»-дың алғашқы солтүстіккаспийлік Юрий Корчагин атындағы кен орны 2009 жылдың желтоқсан айында ашылады деп жоспарланды. Бұл жерде жылына 2,3 миллион тонна мұнай мен 1,2 миллиард текшеметр газ өндіріледі», — делінген компания таратқан ақпаратта.
XS
SM
MD
LG