Accessibility links

Ресей НАТО-мен байланысын жаңғыртуға әзір деді Рогозин


Ресейдің НАТО-дағы елшісі Дмитрий Рогозин аталған мәлімдемесін Брюсселде, журналистерге берген сұхбатында жасады.

Тараптар байланысы тамыздағы Ресей-Грузия қақтығысынан кейін нашарлап кеткен болатын. Содан кейінгі ресми сөйлесулер биылғы 29-сәуірде ғана орын алған еді.

Алайда Ресейдің қос дипломаты Брюсселден қуылысымен, артынша Кремль НАТО-ның қос ресмиін Мәскеуден шығарып жіберген еді.

Рогозин осы оқиғалардың барлығын да НАТО-Ресей байланыстарын жақсартуға жасалған саботаж ретінде бағалауға ұсыныс жасап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG