Accessibility links

Пәкістандағы шайқастардан 500 мың адам босып кетті дейді БҰҰ


Ұйымның Босқындар ісі бойынша агенттігінің айтуынша, Суат жазығындағы әскери шайқастар кесірінен бір миллиондай адам босқынға айналуы мүмкін.

Пәкістан әскерінің әуе күштері мамырдың 8-де, Суат жазығында Талибан бекіністерін бомбалаған кезде 12 қарулы өлтірілген болатын. Суат жазығы бұған дейін қарулылар бақылауында еді. Елдің солтүстік-батысында, осылайша, қарулыларға қарсы шабуыл одан әрі жалғасуда. Ресмилердің айтуынша, бұл шабуылға әскери тікұшақтар, қырғиұшақтар және жаяу әскер жұмылдырылған.

Аймақтағы қарулылар мен лаңкестерді жою әскерилерден сұралды, деді Пәкістан үкімет басшысы бейсенбі күні.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG