Accessibility links

ЕуроОдақ энергия келісіміне қол жеткізді


ЕуроОдақ энергия байланысына арналған жиынында жаңа энергия құбырына барынша қолдау жасау туралы келісімге қол қойды. Атап айтқанда газ құбыры және басқа да тасымал жолдары құрлыстарына саяси, техникалық, қаржылық қолдаулар жасалмақшы.

Ол құбырды іске қосу арқылы Каспий аймағы газын Еуропаға тікелей жеткізіп, Ресейге ЕуроОдақтың тәуелділігін азайту көзделуде. Бұл орайда ЕуроОдақ «Оңтүстік дәліз» деп аталатын жобаға қатты үміт артуда.

Мамырдың 8-де Прагада болған бұл жиын мақсаты-Таяу Шығыс, Орталық Азия және ЕуроОдақ арасындағы энергия және оны тасымалдау ісінде ұзақ уақытқа арналған байланыс орнату еді.

ЕуроОдақ мұнай және газ өндіруші елдердің осы одаққа мүше елдерге сату үшін шикізатының біраз бөлігін арнайы түрде сақтауына қол жеткізетін келісімшартқа ұмтылуда.

Чехия қазір ЕуроОдаққа төрағалық етуде.
XS
SM
MD
LG