Accessibility links

Алматыда бір топ жұмысшы базар басшылығынан еңбекақыларын даулады


Бүгін Алматыдағы «АСТ» базары құрылысын салған ондаған жұмысшы өздерінің жарты жылдан астам еңбекақы алмағандарына наразылық білдіріп, алашақ ақшаларын төлеуін талап етіп базар басшылығына келді.

Жұмысшылардың айтуынша, олар келісім-шарт бойынша бекітілген жобаны өткен жылдың қазан айында аяқтаған. Алайда базар әкімшілігі атқарылған жұмыстар үшін 800 миллион теңге (5,5 миллион доллар) қарыз дейді наразы жұмысшылар.

Түске таман ереуілшілер мен базар басшылығы арасында келіссөз болып, басшылар «бір айдың ішінде жалақыларын төлеуге» уәде берген соң жұмысшылар тарады.
XS
SM
MD
LG