Accessibility links

АҚШ-та торнадо құрбандарының саны 70 адамға жетті


АҚШ-тың оңтүстігінде соңғы үш күнде торнадо мен дауылдан құрбан болғандар саны 70 адамнан асты.

Алабама штатында 58 кісі қаза болып, жүздеген адам жараланған. Кейбір елді мекендерде дүние-мүліктер айтарлықтай бүлінген. Әсіресе Алабама штатындағы Тускалуза қаласы қатты зардап шеккен.

Мамандар қатты жел, жаңбыр мен торнадо қазір Техас пен Джорджиядан солтүстік-шығысқа - Солтүстік және Оңтүстік Каролинаға қарай ойысып бара жатқанын хабарлап отыр.

АҚШ президенті Барак Обама табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарға шұғыл көмек көрсетуді бұйырды.
XS
SM
MD
LG