Accessibility links

Минскідегі жарылысқа қатысты 2 адам айыпталды


Беларусь мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Беларусьтің екі азаматына ресми түрде "лаңкестік әрекет жасады" деген айып тағылды.

Олар сәуірдің 11-де Минсктегі метрода болған жарылысқа қатысты айыпталып отыр. "БелТА" агенттігінің мәліметінше, бас прокурордың орынбасары Андрей Швед әлгі екі азамат "адамдардың өмірін қиған лаңкестік әрекет жасады" деген.

Осы уақытқа дейін аты-жөні аталмаған екі азамат Минскідегі жарылысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған болатын.
XS
SM
MD
LG