Accessibility links

АҚШ Грузияның жікшіл аймақтарына Ресейдің барғанын сынады


АҚШ Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың жақында Грузияның жікшіл аймақтары Оңтүстік Осетия мен Абхазияға барғанын сынап, бұл Грузияның егемендігіне кері әсер ететін сапар деді.

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Марк Тонердің мәлімдемесінде айтылды.

Ол Вашингтон Грузияның жікшіл аймақтарындағы қақтығыстың бейбіт реттелуі мен Грузияның біртұтастығы сақталғанын қалайды деді.

Лавровтың бұл даулы аймақтарға сапары сәуірдің 25-26 күндері болып, Еуропа Одағы да Ресейді сынаған болатын.
XS
SM
MD
LG