Accessibility links

Усаманың өліміне қуанған АҚШ тұрғындары жиналды


Усама бин Ладеннің қаза болғаны жайлы хабардан кейін Нью-Йорк пен Вашингтон қалаларындағы 11 қыркүйек шабуылдары болған жерлерге халық жиналып, қуаныштарын бөлісті.

Усама бин Ладен ұйымдастырған 2001 жылғы 11 қыркүйек шабуылдарында 3 мыңнан аса адам қаза тапқан. Мыңдаған адам Нью-Йорк қаласындағы шабуылдан қираған Дүниежүзілік сауда орталығы орнына АҚШ туларын көтеріп шықты.

Усама бин Ладеннің өліміне қатысты халықаралық реакциялар да айтылып жатыр. Британия премьер-министрі Дэвид Камерон бин Ладеннің өлімі әлемге үлкен жеңілдік әкелетін болады деді. Израиль премьері Биньямин Нетаняху АҚШ-ты жеңісімен құттықтады.
XS
SM
MD
LG