Accessibility links

Қазақстанда адам өмірінің ұзақтығы орташа есеппен 67,11 жыл болды


2008 жыл бойынша, Қазақстанда адам өмірінің ұзақтығы 5% -ға өсіп, орташа есеппен 67,11 жылды құрады, — деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тамара Вощенкова.

Вощенкованың айтуынша, сондай-ақ елдегі өлім де 5%-ға азайып, мың адамға шаққанда 9, 74 көлемінде болды. Тұрғындардың науқасқа шалдығу деңгейі де 3,5%-ға төмендеген, оның ішінде туберкулез дерті 3%-ға азайған.

Соған қарамастан елде мүгедектер саны артуда. Соңғы уақытта бір жылда 7%-ға көбейген мүгедектіктің бірден-бір себебі жол-көлік апатының салдары болып отыр. Сондай-ақ ВИЧ індетімен науқастанушылар да көбейіп, 2008 жылы 18%-ды құраған.
XS
SM
MD
LG