Accessibility links

Оппозициялық газеттердің бас редакторлары Рамазан Есіргеповті үйқамаққа ауыстыруды сұрап хат жазды


ҚазТАГ-тың хабарлауынша, оппозициялық газеттердің бас редакторлары Тараз қалалық сот төрешісінің атына Рамазан Есіргеповтің жағдайының нашарлауына байланысты үйқамаққа ауыстыруын сұрап, оған кепіл болатындарын айтып, хат жолдады. Бұл хатқа Ермұрат Бапи, Гүлжан Ерғалиева, Розлана Таукина, Рысбек Сәрсенбай және басқалар қол қойды.

«Олардың хатында Рамазанның жазасын өтеу шарасы өзгертілсе, оның Қазақстаннан ешқайда қашып кетпейтіндігі мен сот отырысына шақырту бойынша қатысып тұратындығына кепіл болатындары айтылған. Бұл хатты олар адвокат Серікқали Мусин арқылы сотқа бермек», — деді Рамазан Есіргеповтің әйелі Раушан Есіркепова.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Алма-Ата-инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов ауруханада емделіп жатқан жерінен биылғы қаңтар айының 6-сы күні тұтқындалып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облыстық департаментінің Тараз қаласындағы тергеу абақтысына жабылған-ды.
XS
SM
MD
LG