Өзбекстанда адамның құқын қорғайтын бірнеше белсенді Әндіжандағы қанды қырғынды ресми биліктің есіне салу мақсатымен 13 мамыр күні Ташкентте шеру өткізбек болды. Алайда Азаттық радиосына белсенділердің бірі Баходыр Намозов хабарлағандай, билік 5 адамды тұтқындап, Намозовты өз үйінде қамап ұстап отыр. Тағы бір белсенді Сурат Икрамов телефон арқылы Собир Рахимовпен бірге изоляторда отырғанын хабарлады. Адамның құқы бойынша Өзбекстан альянсының жетекшісі Елена Урлаева Мирзо-Улугбек аудандық изоляторына жеткізілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, құқық қорғаушылар бейбіт шеруге шыққан халыққа оқ жаудырғаны үшін жауапты екенін президент Ислам Кәрімовтің есіне салуды мақсат еткен.