Accessibility links

«Цесна-Астық» ЖШС –нің жиынында несиелік желі ашу мәселесі қаралады


Қазақстан қор биржасы (KASE) сайтының мәліметінше, бүгін «Концерн «Цесна-Астық» ЖШС кезектен тыс жиналыс өткізбек.

Жиынның күн тәртібінде қаралатын мәселелер — «Аграрная кредитная корпорация» АҚ - ның 2 500 000 000,00 теңге көлемінде несиелік желі ашуы және аталған акционерлік қоғамның алдындағы міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету.

«Концерн «Цесна-Астық» ЖШС Қазақстан қор биржасының листингтік компаниясы болып табылады.
XS
SM
MD
LG