Accessibility links

Байден АҚШ-тың Грузияны қолдайтынын айтты


Құрама Штаттар вице-президенті Джо Байден Грузияның егемендігі мен тұтастығын АҚШ-тың қолдайтыны туралы Ақ үйдің мәлімдемесі берік шешім екенін айтты.
Ол мәлімдеме Байденнің Грузия президенті Михаил Саакшвилимен телефон арқылы сөйлескен соң жарыққа шығып отыр.
Ал Грузия президентінің кеңсесінен тараған мәлімдемеде, Байден демократиялық жолмен сайланған Саакашвили үкіметіне қолдауын білдірді делінген, бірақ Ақ үйдің мәлімдемесінде Саакашвилидің үкіметіне қолдау туралы айтылмаған.
АҚШ-тың мәлімдемесінде Байден Грузия үкіметінің оппозициялық шерулершілерге жауап беру шараларын оң қабылдады делінген.
Грузия оппозициясы бір айдан аса Саакашвилидің биліктен кетуін талап етіп, шерулер өткізіп келеді. Бірақ Саакашвили өзінің президенттік мерзімі 2013 жылы аяқталғанша қызметінен кетпейтінін айтқан.
XS
SM
MD
LG