Accessibility links

Тамиль жолбарыстары шайқастарын тоқтатты


Бұл жөнінде аталған көтерілісші топтың вебсайтында хабар жарияланды. Шри Ланкада 25 жылға созылған азамат соғысына нүкте қою мақсатында жүргізілген бұл әскери шара барысында көтерілісшілер жеңіліске ұшырады деген еді президент Махинда Ражапакса.

Тамиль жолбарыстары елдегі тамильдік азшылықтың тәуелсіз аймаққа ие болуы жолында күресіп келген болатын. Осы ширек ғасырлық шайқас барысында 70 мыңнан аса адам қаза болған-ды.

Шри Ланка ресмилері бұдан бұрынғы хабарларында, қарапайым азаматтар қақтығыс аймағынан шығып үлгерді деген еді. Атап айтқанда өткен үш күн ішінде 50 мыңдай адам қауіпсіз жерге бас сауғалаған екен. Шри Ланка әскерилері сол үш күн ішінде Тамиль жолбарыстары тобымен шайқасқан.

Әскери өкілдер бұдан бұрын Тамиль жолбарыстарын азаматтарды тірі қалқан ретінде пайдалануда деп айыптап келген еді.
XS
SM
MD
LG