Accessibility links

Пәкістандағы қарулыларға қарсы шабуылдар орынды, дейді АҚШ


АҚШ Орталық барлау агенттігінің директоры Леон Панетта әл-Қаида қарулыларына қарсы шабуылда ішінде ұшқышы жоқ ұшақтардың пайдаланылуын жақтап сөйледі. Ол аталған мәлімдемесін мамырдың 19-да, Халықаралық істер бойынша Тынық мұхиты кеңесі атты ұйым отырысында жасады. Президент Барак Обаманың бұған орай күрес саясаты әл-Қайда басшылығын қапыда қалдыруда, деді ол. Пәкістандағы қарулылар мекендеріне шабуылда ішінде ұшқышы жоқ ұшақтардың пайдаланылуы өте тиімді деді Панетта. Өткен жылдың тамызынан бері жасалған 42 шабуыл барысында 390 адам қаза болған екен. Бұл-территориялық егемендігімізге қол сұғу, дейді Пәкістан тарапы.
XS
SM
MD
LG