Accessibility links

Тәжікстан су тасқынына байланысты төтенше көмек сұрауда


Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің өкілі хабарлағандай, Душанбе 23 адамның өліміне әкелген су тасқынынан кейін БҰҰ-нан миллиондаған доллар көмек сұрап отыр. Францияның AFP ақпарат агентігіне Давларт Назриевтің хабарлауынша, елдегі табиғат апатының салдарын жоюға Тәжікстанның мүмкіндігі шамалы болып жатыр. Оның айтуынша, бір ай бойы тоқтамай жауған жаңбыр елдің экономикасына 100 млн доллар шығын әкеліп отыр.
Тәжікстан өкілі БҰҰ-нан нақты қанша қаражат сұрап отырғанын айтпаған.
XS
SM
MD
LG