Accessibility links

ҚР бас прокуратурасы Мұхтар Жәкішев тұтқынға алынды деген ақпаратты жоққа шығарды


ҚазТАГ – тың хабарлауынша, ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев тұтқынға алынды деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазатомпромның» бұрынғы басшысына қатысты ешқандай тұтқындау да, ұстау да болған жоқ, мұның бәрі қауесет», — деді ҚР бас прокуратурасы баспасөз қызметінің жетекшісі Сәулебек Жәмкенұлы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, бас прокуратура қазіргі уақытта Мұхтар Жәкішевтің Қазақстанда немесе шетелде жүргенін білмейді.
«Біз оған халықаралық іздеу жариялаған жоқпыз», — деп нақтылады Сәулебек Жәмкенұлы.

Бұдан бұрын «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев тұтқынға алынды, — деп хабарлаған еді Азаттық радиосына оған жақын екі адам. Оппозициялық «Республика» басылымының жұма күнгі санында жарияланған М.Жәкішевтің жұмыстан босатылғаны туралы мақалада оның тұтқындалғаны жөнінде жалғыз сөйлеммен хабарланды.

Мұхтар Жәкішев мамырдың 21-і күні «Қазатомпром» компаниясы басқармасының төрағасы қызметінен бас прокуратураның ұсынысы негізінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының шешімімен босатылған
XS
SM
MD
LG