Accessibility links

Пәкістанның Пешаварында тағы қастандық болды


Пәкістанның Пешавар қаласында жұма күні болған жарылыста құрбан болғандардың саны 7-ге жетті. Жараланған бір кісі көз жұмды. Жалпы зардап шеккендердің саны 80-ге жуық.
Жұма күні кешке кинотеатрдың маңайында бомба жарылды. Бұл Пешавардағы соңғы апталарда болған бірінші қастандық емес. Бұл қала – елдің солтүстік-батысындағы үкімет армиясы мен тәліптердің арасында шайқас өтіп жатқан Сват жазығына жақын орын тепкен.
XS
SM
MD
LG