Accessibility links

Пәкістанда да кісі ұрлаған оқиға тіркелді


Пәкістанның оңтүстігінде француз турисі ұрланды. Жексенбі күні Балуджистан өлкесінің билігі хабарлағандай, содырлар Далбандин қаласының іргесінде 6 туристі, оның ішінде әйел мен 2 баланы тоқтатып, бесеуіне тимей, бір французда күштеп алып кетті.
Полицияның хабарлауынша, туристер өздерінің жүретін жолы туралы әр елдің билігіне хабарлай отырып, Үндістаннан Пәкістан жері арқылы Иранға қарай беттеп келе жатқан көрінеді.
Әзірше ешкім кісі ұрлағанын мойнындамай отыр. Францияның сыртқы істер министрлігі жоғалған французда іздеп босату үшін барлық амалды қарастырып жатқанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG