Accessibility links

2011 жылы Астанада Ислам мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің сессиясы өтеді


2011 жылы Астанада Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің 38 –сессиясы өтеді, — деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев Дамаскіде өткен 36 –сессияның барысында.

Ислам конференциясы ұйымы мұсылман мемлекеттерінің ынтымақтастығын дамыту мен халықаралық аренада бір ұстанымда болу мақсатымен осыдан қырық жыл бұрын құрылған. Құрамына 57 мемлекет кіретін бұл ұйым БҰҰ-нан кейінгі ең ірі халықаралық ұйым болып есептеледі.

Ислам конференциясы ұйымының саяси органы болып табылатын Сыртқы істер министрлерінің сессиясы 2010 жылы Тәжікстанның астанасы Душанбеде өтеді.

Сыртқы істер министрлерінің кездесуімен қатар 2011 жылы Астанада Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы да өткізілмек.


XS
SM
MD
LG