Accessibility links

Жауынгерлер Суданның Умм Бару әскери базасын жаулап алды


Жауынгерлер Суданның Чадпен шекарадан 100 шақырым жердегі даулы аумағы Дарфур провинциясындағы Умм Бару әскери базасын жаулап алды, — деп хабарлайды РБК агенттігі.

Би-би-си –дің хабарлауынша, шабуыл жасаған «Әділетттік пен теңдік үшін қозғалысының» жауынгерлері болуы мүмкін.
Бірақ Суданның ресми тұлғалары әскери базаны жаулап алды деген ақпаратты терістеуде. Судан Қарулы күштерінің өкілі Осман Мұхаммед әл-Агбаштың мәлімдеуінше, Қарулы күштер шабуылға тойтарыс берген.

Суданның батыс бөлігі — Дарфурға шабуыл 2003 жылы басталған. Алты жыл ішінде әскери қақтығыстар мен гуманитарлық дағдарыс салдарынан 300 мыңға жуық адам қаза болған.

БҰҰ-ның мәліметінше, 2,7 млн-н астам жергілікті тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған, олардың кейбірі босқындар лагеріне орналасса, көбісі көршілес Чад мемлекетіне қашып кеткен.
XS
SM
MD
LG