Accessibility links

Қазақстанға Бейжіңнен доңыз тұмауын жұқтырғандармен байланыста болған екі адам келді


Қазақстанға Бейжіңнен А/Н1N1 тұмауын жұқтырғандармен байланыста болған екі адам келді, қажетті профилактикалық шаралар жүргізілді, - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басқармасының бастығы Ермек Тоқбергенов.

«А/Н1N1 вирусын жұқтырған деп күдіктелген екі адам Бейжіңде А/Н1N1 тұмауын жұқтырғандармен бір қонақүйде болған. Бейжіңде доңыз тұмауын жұқтырған күдікті 11 мамырда анықталған, ал онымен байланыста болған екі адам Қазақстанға 23 мамырда келді, яғни инкубациялық кезең өтіп кеткен, сонда да біз оларды тексеруден өткіздік. Қазір олардың екеуінің де денсаулығы жақсы, ешқандай қауіп жоқ», — деді Ермек Тоқбергенов Астана халықаралық әуежайындағы профилактикалық оқу кезінде.
XS
SM
MD
LG