Accessibility links

«АЗАТ» партиясы «Алға-ДВК» партиясының саяси қуғындалуын тоқтатуды талап етеді


Бүгін Қазақстанның «Азат" демократиялық партиясы «Алға-ДВК» партиясының саяси қуғындалуына байланысты мәлімдеме жасады.

«Алға-ДВК» партиясы» бірнеше жылдан бері тіркеуден өте алмай келеді. Бұған байланысты Әділет министрлігі қандай да бір объективті дәйек бере алмай отыр, мұны біз шектен шыққандық деп санаймыз», — делінген партия таратқан мәлімдеме мәтінінде.

Сондай-ақ мәлімдемеде тіркелмеген партияға мүшелікке өткісі келген мыңдаған азаматқа тыйым салып отырған прокуратураның әрекетіне де түсініктеме берілмегені айтылады.

«Сол себепті де біз «Алға-ДВК» партиясының саяси қуғындауды тоқтатып, оған тіркелуге, жұмысын жүзеге асыруға мүмкіндік жасауды талап етеміз», — делінген мәлімдемеде.
XS
SM
MD
LG