Солтүстік Корея жер астында сәтті ядролық тәжірибе өткізгенін мәлімдеді. Ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл сынақ елдің қорғаныс мүмкіндіктерін күшейту үшін жасалған. Бұл жолғы сынақтағы жарылыс күші 2006 жылдың қазан айындағы ядролық тәжірибемен салыстырғанда әлдеқайда күштірек болды деп хабарланып отыр.
Ресей қорғаныс министрлігі жарылыс күші 10 мен 20 килотонна арасында болды дейді. Көршілес Оңтүстік Кореяда президент Ли Мюнг-бак қалыптасып отырған жағдайды талқылау үшін төтенше ұлттық қауіпсіздік жиынын өткізуге шақырды.
Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркиннің мәлімдеуінше, Қауіпсіздік кеңесі дүйсенбі күні жиналып, бұл мәселені талқылайтын болады.