Accessibility links

Әлем елдері Пхеньянның ядролық сынағын айыптады


Халықаралық қауымдастық Солтүстік Кореяның соңғы ядролық және зымыран сынақтарын айыптады. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянның әрекетіне байланысты дүйсенбі күні төтенше жиын өткізеді.

АҚШ президенті Барак Обама Солтүстік Кореяның ядролық сынағы халықаралық қауымдастыққа қауіп төндіреді деп мәлімдеді. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун қалыптасып отырған жағдайға байланысты алаңдаушылығын білдірді. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Бейрутта сөйлеген сөзінде Мәскеу де бұл хабарға байланысты алаңдап отыр деп мәлімдеді. Қытай сыртқы істер министрлігі Пхеньянның сынағына қарсылық танытты. Жапония мен Еуропа Одағы Солтүстік Кореяның бұл әрекетін айыптады.
XS
SM
MD
LG