Accessibility links

ҚР Бас прокуратурасы: «Өкіл қайын ата» кітабын оқуға тиым салынған жоқ


ҚазТАГ – тың хабарлауынша, Рахат Әлиевтің шетел баспасынан шыққан «Өкіл қайын ата» атты даулы кітабын оқығаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.

ҚР Бас прокуратурасы таратқан баспасөз хабарламасында мәлімденгендей, «Бас прокуратураның ресми өкілінің Р. Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабындағы мемлекеттік құпия немесе заңмен қорғалатын басқа да құпияларға жататын мәліметтерді таратудың заңсыздығы туралы брифингте айтқан түсіндірмесі бұқаралық ақпарат құралдарында бұл кітапты оқуға тиым ретінде көрсетілген.

Осыған байланысты Бас прокуратура мұндай ақпараттың шындықпен сәйкеспейтіндігін мәлімдейді. Аталған кітапты республика аумағына заңсыз таратқан және әкелген жағдайда ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG