Accessibility links

Түркияда көлік апатына ұшыраған қазақстандық туристер өтемақы талап етпек


Түркиядағы Анталья курортты қалашығына жақын жерде көлік апатына ұшыраған қазақстандық туристер демалыстарының бұзылғаны үшін «TEZ TОUR» туроператорынан материалдық және моралдық өтемақы талап етпекші.

«Біздің жәй жүруді өтінгенімізге қарамастан, 36 туристі бар автобустың жүргізушісі жылдамдықты баяулатқан жоқ. Спидометрдегі жылдамдық сағатына 120 шақырымды көрсетіп тұрды. Үш рет бағдаршамның қызыл шамына өтіп кетті. Бір кезде кенеттен бұрыштан жеңіл көлік шыға келді. Автобус жүргізушісі оңға шұғыл бұрылғанымен, қашып құтылмады», — дейді қазақстандық туристердің бірі Абзал Берембетов.

Оның айтуынша, көлік апатынан кейін оларға туристік фирманың өкілдері келген.

«Олар бізге фирманың есебінен демалысты бес күнге ұзартуды ұсынған, бірақ біз одан бас тартып, ақшалай өтемақы талап еттік. Бірақ туристік фирманың аймақтық өкілі тірі қалғандықтан бізге өтемақы туралы әңгіменің болмауы керектігін айтты. Жоғалған және бұзылған заттарымыз үшін фирма ешқандай жауапкершілік алмайды екен. Олар біздің талабымызды орындамағанымен, елге оралғаннан кейін сотқа шағымданамыз», — дейді Абзал.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG