Accessibility links

Оппозициялық партия жетекшілері Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімін тергеуді жалғастыру керек деп есептейді


Қазақстан Коммунистік партиясы мен оппозициялық «Алға» партиясының жетекшілері Серікболсын Әбділдин мен Владимир Козлов осыдан үш жыл бұрын өлтірілген саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың туыстары Рахат Әлиевтің Қазақстанда таратылуға тиым салынған «Өкіл қайын ата» кітабындағы деректер негізінде өлімді зерттеп тергеуді жалғастыруды талап етулері керек деп есептейді, — деп хабарлайды ҚазТАГ».

«Бұл кітап өлтірілген Алтынбек Сәрсенбаевтың туыстары үшін осы кітаптағы деректерге байланысты істі қайта қарауды немесе қосымша тергеуді талап етуге толық негіз бола алады. Батыста таралып жатқан бұл кітаптағы Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты мәліметтер миллиондаған адамдарға таралуда», — деді «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов.

Сондай-ақ екі партияның өкілдері де бұл кітапты оқып үлгергендерін айтты.

«Оқып шықтым, ешқандай да мемлекеттік құпияны көріп тұрған жоқпын», — деді Серікболсын Әбділдин
XS
SM
MD
LG