Accessibility links

Молдова президенттік сайлауы маусымның 3-не шегерілді


Бұл жөнінде ел парламенті мамырдың 28-де шешім жасады. Ел билігін қолында ұстап отырған коммунистер-парламенттегі 101 орынның 60-ына ие. Олар бұл нәтижеге өткен айда болған жалпы халықтық сайлау нәтижесінде жеткен болатын. Алайда өз үміткерін сайлау үшін оларға 61 дауыс қажет болады. Коммунистер өткен аптадағы алғашқы сайлауда өз үміткерін анықтай алмады. Себебі оппозициялық депутаттар сайлаудан шығып кетіскен еді. Егер екінші сайлау сатысында да нәтиже болмаса, онда парламент таратылып, кезектен тыс сайлаулар шақырылатын болады.
XS
SM
MD
LG