Accessibility links

Оңтүстік Осетияда парламенттік сайлаулар өтеді


Грузияның жікшілдік аймағы Оңтүстік Осетияда жексенбі күні парламенттік сайлаулар өтеді. Сайлау бюллетенінде 4 партия бар бірақ ресмилер аймақ жетекшісі Эдуард Кокойтыды қолдамайтын екі партияны бұл тізімнен алып тастады.

Талдаушылардың айтуынша, Кокойты билікте қалу үшін осы сайлауды пайдаланып, өзін қолдайтын парламент құру арқылы конституцияға толықтырулар енгізуді көздеп отыр. Кокойтыдың қарсыластары оны және оның айналасындағыларды Ресей бөлген миллиондаған доллар ақшаны ұрлады деп айыптауда.
XS
SM
MD
LG