Accessibility links

Ереванда қалалық сайлау өтеді


Жексенбі күні Армения астанасы Ереванда қалалық сайлаулар өтеді. Оппозициялық Армения ұлттық конгресі 65 орыннан құрылған қалалық кеңесте жеткілікті орынға қол жеткіземіз деп үміттенеді. Сөйтіп олар өздерінің жетекшісі бұрынғы президент Левон Тер-Петросянның мэр боп сайлануын қалайды.

Егер кез келген партия орындардың 40 пайызын жеңіп алса, оның кандидаты қала мэрі боп сайланады.

Ереванның қазіргі әкімі Гагик Бегларян биліктегі Республикалық партияның кандидаты боп табылады. Сайлауды халықаралық бақылаушылар қадағалайтын болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG