Accessibility links

Барак Обама General Motors-тың банкроттығының басталғанын жария етпек


Бейресми деректер бойынша, АҚШ президенті Барак Обама бүгін АҚШ –тағы ең ірі көлік өндіруші General Motors Corp-та банкроттың басталғанын жария етпекші.

CNN –нің хабарлауынша, президент GM айналасындағы жағдай мен бақылаудағы банкроттық туралы айтып, бұл шешімнің американдық экономикада маңызды орны бар компанияны сақтап қалуға мүмкіндік беретініне сенім білдірмек.

Сондай-ақ компания штаттық қысқарту мен кей зауыттардың жабылуын жария етуі мүмкін. GM –ға шығындағы компанияны қайта құрылымдау жөніндегі үкіметті қанағаттандыратын жоспар ұсынуға берілген мерзім бүгін аяқталады.
XS
SM
MD
LG