Accessibility links

Қызыл крест Суаттағы жағдайға алаңдаулы


Халықаралық Қызыл крест комитеті Пәкістанның Суат жазығындағы қарапайым халықтың жағдайына байланысты алаңдаушылық білдірді. Пәкістанның солтүстік-батысындағы бұл аймақта үкімет күштері мен Талибан жауынгерлері арасында шайқастар жалғасып жатыр. Аймаққа сапармен барған Қызыл крест өкілдерінің айтуынша, Суатта ауыз су мен электр жарығы жоқ және азық-түлік тапшылығы тіркелген сондай-ақ көптеген медициналық мекемелер жабылған.

Басқа да хабарларға қарағанда, ауған шекарасына жақын Оңтүстік Вазиристандағы қақтығыстарда 25 бүлікші өлтірілген және 7 сарбаз қаза тапқан.

AzattyqTV

AzatNews 20.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:18 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG