Accessibility links

Бағдадтағы жарылыстан 4 адам құрбан болды


Дүйсенбі күні Бағдадта бомба жарылып, кемінде 4 адам қаза тапты. Ирақ полициясының хабарлауынша, Дора ауданындағы бір базарда орын алған жарылыстан сондай-ақ 14 кісі жараланған. Бұл аймақта сектанттық негіздегі теке-тірестер ушығып тұр.

Ирақ үкіметінің мәліметіне сәйкес, 2003 жылғы жағдаймен салыстырғанда елдегі қарапайым халық арасында құрбан болып жатқандардың саны азайып келеді.
XS
SM
MD
LG