«Самұрық-Қазына» ұлттық-әл-ауқат қоры үкіметтің қор ұсынысын қолдауының арқасында, ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімін 2009 жылдың 1-шілдесіне дейін ұзартты, — деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Бағдарламаның шарттарына сәйкес, мамыр айының 25-26 күні банктердің ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бойынша бөлінген қаржыны игеруі аяқталуы тиіс еді. 2009 жылдың 1-маусымы күнгі мәліметтерге сәйкес, бағдарламаға қатысу үшін 37,7 мың адамнан 142,5 млрд.теңге сомасына өтініш келіп түскен. Оның ішінде, 24 мың несие алушының 92,2 млрд.теңгеге сай өтініші мақұлданған. Ал 69 млрд.теңге сомасына 18 мың адаммен келісім түзілген.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қаржы мынадай 4 ірі банкте толық игерілмей қалған:
«БТА» АҚ мен «БТА Ипотека» ипотекалық ұйымы» АҚ-на 40 млрд.теңге бөлінген. Келіп түскен өтініштердің саны 40,3 млрд.теңгеге сай еді. Оның ішінде 17,8 млрд.теңгеге сай өтініш мақұлданды. 15,8 млрд.теңгеге сай өтініш қайта қаржыландырылды.
«Қазкоммерцбанкке» 24 млрд.теңге бөлінген. Банкке 26 млрд.теңгеге сай өтініш келіп түскен, оның мақұлданғаны 24,3 млрд. теңге көлеміндегі несие өтініштері, қайта қаржыландырылғаны 14,8 млрд.теңге.
«Халық банкке» де 24 млрд.теңге бөлінген. Тапысрылған өтініштер сомасы 17 млрд.теңгені құрайды, мақұлданғаны 15 млрд.теңгеғ ал 10 млрд.теңгеге сәйкес өтініштер қайта қаржыландырылған.
«Альянс банкке» 14 млрд.теңге бөлінсе, келіп түскен өтініштер саны 10,7 млрд.теңге мөлшерінде сай. Оның мақұлданғаны 10,3 млрд.теңге, қайта қаржыландырылғаны 10,3 млрд.теңге.