Accessibility links

Қапшағай қаласының бұрынғы әкімі Түркияда емделіп жатыр


Алматы қалалық ҰҚКД-нің хабарлауынша, Қапшағай қаласының бұрынғы әкімі Сергей Зеленский Түркияда емделіп жатыр.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, осыдан сегіз ай бұрын Алматы облысы бойынша қаржы полициясы Сергей Зеленскийді қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен қылмыстық іс қозғаған еді. Ол ойын-сауық орталықтары үшін жер телімдерін заңсыз бөлді және бірнеше рет пара алды деп айыпталып, оған халықаралық іздеу жарияланған еді.

«Қазір С. Зеленский Түркияда емделіп жатыр, ол жерде оның жүрегіне операция жасалған. ҰҚК-нің Алматы қалалық департаменті оған халықаралық іздеу жариялаған жоқ», — делінген департаменттің бүгін таратқан хабарламасында.
XS
SM
MD
LG